«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені – халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндігі бар көпфункционалды спорт ғимараты. Аталған спорт кешенінде кәсіби спортшылардың күнделікті жаттығу жұмыстарын жүргізулеріне қажетті жағдай жасалған.

Жеңілатлетикалық арена (трибуналары бар жеңілатлетикалық ядро) келесі кеңістіктерді қамтиды:

  • ядроның сыртқы периметрі бойынша ені 1 метр, ұзындығы 200 метрлік 6 параллельді жүгіру алаңдары бар;
  • ядроның ортасына қарай 8 параллельді жүгіру алаңдары бар, ені 1,22 метр, 50-60 метрге жүгіруге арналған және финиш алаңында тежегіш зонасы бар.
  • биіктікке және үш қарғып секіруге арналған сектор;
  • шестпен секіруге арналған сектор;
  • трибуналар 6838 орындықты қамтиды.

Сонымен қатар, спорт кешенінде:

  • ұзындығы 25 метрлік 6 жолақты бассейн;
  • екі суасты жүгіру жолақтары бар бассейн;
  • спортшыларға арналған 40 жатын орындық қонақжай;
  • атлетикалық зал;
  • ұзындығы 160 метрлік жүгіру жолақтары бар сергіту жаттығуларына арналған трек бар. Онда биіктікке, ұзындыққа секіруге арналған секторлар бар;
  • баспасөз маслихаттарына арналған 400 орынды қамтитын жайлар;
  • аудармашыларға арналған орындармен қамтамасыз етілген 242 орындық кәсіби интервью залы;
  • 130 орындық кафе бар.

Айта кетейік, нысан құрылысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаражатына салынды. Кешеннің құрылыс жұмыстарымен «BI Group» құрылыс компаниясы айналысты.