Фитнес-орталығы

Фитнес орталығы

Астана Олимпиадалық даярлау орталығының басқаруындағы «Қазақстан» заманауи жеңіл атлетика спорт кешені (ЖАСК)  2020 жылдың қараша айында салынған. Спорт кешені жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін IAAF халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының сертификатына ие болды. Спорт кешенінде жүгіру жолы бар спорт алаңы, бассейндер, қонақ үй, балалар алаңы, фуд-корт, тренажер залы және дене шынықтыру жолдары қарастырылған.

Кешеннің фитнес орталығы төмендегі қажетті спортзалдарымен, спортқұралдарымен қамтамасыз етілген:

  • ұзындығы 25 метрлік 6 жолақты жүзу бассейні;
  • екі көтергіш, орнатылған жүгіру жолы бар бассейн;
  • жаттығу залы
  • атлетикалық залы;
  • массажист қызметтері
  • терапевтік процедураларға арналған бөлме.

ЖАСК фитнес орталығы мекенжайы: Астана қаласы, Тұран даңғылы 59.