БАҚ Орталық туралы

Балалар өзара сайысқа түсті

03.10.2019

Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде Олимпиадалық даярлау орталығының ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі балалар арасында велоспорттан «Олимпиада үміті» гран-при жарысы өтті.

Жыл сайын дəстүрлі түрде өткізі летін биылғы бəсекеде 5-6 жас аралы ғындағы 300-ге жуық спортшы бақ сынады. Спорттық шараның негізгі мақсаты – велоспортты халық арасында кеңінен насихаттау жəне дамыту, өскелең ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға шақыру. Еліміздегі Олимпиадалық даярлау орталығы бөлімінің жетекшісі Динара Əубəкірова «Олимпиада үміті» турнирі арқылы болашақ чемпиондарды қазірден бастап дайындағымыз келеді дейді. «Біздің негізгі мақсатымыз – велоспортты кеңінен насихаттап, бұқаралық сипатын кеңейту. Соған сəйкес, қабілетті балаларды іріктеп, бөлек дайындық жүргізу мəселесін де қарастыру үстіндеміз. Осыған байланысты алдағы уақытта Олимпиадалық даярлау орталығы жанынан бүлдіршіндерге арналған секция ашылуы мүмкін. Егер осы жоспарымыз ойдағыдай жүзеге асса, балалар спортының дамуына үлкен дүмпу əкелер еді», дейді ол. Балалар арасындағы Гран-при жарысы осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Бастапқыда көпшілік аса мəн бермегенімен, жоба өміршең екендігін дəлелдеді. Ата-аналар былтырдан бастап жарыстың ауқымы, форматы, талабы жағынан кəсіпқой жарыстардан кем еместігіне көз жеткізгеннен кейін балаларын жарысқа əкеле бастады. Жарыс соңында жүлделі орын иеленген спортшыларға ұйымастырушылар бағалы сыйлықтар табыстады.

«Egemen Qazaqstan»
Әли Битөре

Бөлісу: