БАҚ Орталық туралы

Сен білесің бе, өмір сондай тамаша

17.06.2019

Дүйсенбінің таңында «Алау» астаналық спорт сарайында оптимизм және энергия қуаты тасып тұрды – бұл күні мұнда мүшелеріне трансплантация жасалған және диализ алатын емделушілер арпасындағы алғашқы ұлттық спорттық ойындар басталды.

Кейде – жылқы еті

2019 жылғы 10-13 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен сайысқа қатысу үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан, сонымен қатар, Ресей мен Польшадан 100 астам қатысушылар келген. Жүзу, волейбол, үстел теннисі, дартс, боулинг бойынша ең мықтылар қатарынан орын алу үшін бірнеше жас топтарының өкілдері: 18–29, 40–49, 50–59 және 60–69 жас аралығында сайысқа түсті. Аталған сайыс жеңімпаздарынан Дүние жүзілік жазғы спорттық ойындарға қатысу үшін құрама команда құралатын болады. Сайыстар арасындағы үзілістерде қатысушылар диализ емшарасын алып жатты (бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында ағзадағы артық сұйықтықты және тіршілік әрекеті өнімдерін жасанды жолмен шығару).

Алматы облысынан келген Жандос ЕКНБАЕВТЫҢ жасы 33-те. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы 2013 жылы ағасы оған өз бүйрегін бергенге дейін диализ алып жүрген.

– Қазір барлығы бір қалыпты, волейбол, теннис ойнаймын. Әдеттерім өзгерді ме? Жоқ, мен ауыстырғанға дейін де темекі шегіп, арақ ішкен емеспін, – дейді Жандос.

56 жастағы Батырбай ТЕНИЗБАЕВ Маңғыстау облысынан келген, оның да бүйрегіне трансплантация жасалған.

– Сіздің тегіңіздің өзі қай жақтан келгеніңізді айқындап тұр – деймін танысу барысында.

– Иә, Нептунов, – деп күледі отадан кейін бірінші топтағы мүгедектік берілген Батырбай. – Қазір зейнеттемін, негізі кеденде жұмыс жасадым, жүргізуші болдым, көп жерде жұмыс жасадым. Бүйректің ауруына негізінен экология ықпал етеді, біздің аймақта судың нашар болуына байланысты тұз жинақталады. Бұрын бүйрегім ауырып жүргенде 180/120 қан қысымы мүлдем болмайтын еді, бір жолы тіпті 280 қан қысымымен жұмысқа да бардым. Пәкістанда ота жасалғаннан кейін (ол уақытта Қазақстанда мұндай ота жасалмаған, трансплантация құны 40 мың долларды құраған) қан қысымы қалыпқа келді, қазір: 120/80. Ұшқышпын! Бұрын тұзсыз тағам жеген болсам, қазір кейде жылқы етін жеуіме де болады.

Спорт – қажеттілік болған жағдайда

«Өмір тынысы» трансплантация жасалған науқастардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанибек ОСПАНОВ – 2012 жылы алғашқы рет Қазақстанда өмірден озған әйел адамның жүрегін ауыстырып салған бірінші адам. Отаны танымал кардиохирург Юрий ПЯ жасаған.

– Мұнда     ойындар – адамдар көбірек ақпарат алып, мүшелер донорлығы туралы ойлануы үшін тамаша ақпараттық себеп. Сонымен қатар, біз адамды толыққанды өмірге қайтаратын трансплантацияның өзінің физикалық мүмкіндіктерін көрсеткіміз келеді: адам білім алып, жұмыс жасап және спортпен шұғылдана алады, - дейді Жанибек.

– Трансплантациядан кейін әдеттер ғана өзгеріп қоймайды – өмір сүруге деген қатынас, уақытқа, отбасына, денсаулыққа деген қатынас өзгереді. Өмірдің шексіз емес екенін түсінесің және өмір сүргің келеді. Ал спортпен біз зеріккеннен айналыспаймыз – трансплантациядан кейінгі адамдарға және диализ алатын адамдар үшін спорттық белсенділік қажетті медициналық көрсеткіш болып табылады, біз өте көп мөлшерде препараттар ішетін болғандықтан, жанама әсерін жою үшін белгілі бір дене жүктемесі қажет болады. Сол себепті біз Қазақстанда трансплантациядан кейінгі адамдарға арналған спорттың дамуын қолдаймыз.

Бұрын жалғыз едім, қазір бір көппіз

Жанибек басқаратын бірлестік Дүниежүзілік және Еуропалық трансплантациядан кейінгі және диализ алатын адамдар арасындағы спортшылар федерациясының мүшесі болып табылады.

– Дүние жүзі бойынша 35 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр, біздің бірлестік құрылғанына 5 жыл болды. Біз жақсы жетістіктерге қол жеткізе алдық деп ойлаймын: Ақтауда өткен алғашқы сайысқа 30 адам қатысқан болатын, то бұл жолы қатысушылар саны 100 асып отыр.

Аз уақыт бұрын Ана мен бала ұлттық медициналық орталығының емделушілері – онкологиялық науқастар және бүйрек трансплантациясы жасалған науқастар арасында сайыс болып өтті. Болашақта – трансплантация жасалған жастар мен ересектер арасындағы сайыстарды біріктіру жоспарланып отыр, - деп хабарлады Жанибек.

Қазақстанға ойынның ашылу салтанатына арнайы келген Еуропалық федерацияның президенті Юдит БЕРЕНТЕ Жанибек және оның жақтастарына атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Қазақстандық хирургтар бірегей ота жасап, қыз баланы өлімнен аман алып қалды

 

– Мүшелеріне трансплантация жасалған адамдар арасындағы спорт 1977 жылдан бері насихатталып келеді. Бүгінгі таңда біздің осы жерде тұрғанымыз алдағы уақытта Қазақстанның медицинасында орын алатын бетбұрысты білдіреді. Бірнеше жыл бұрын біз Жанибек Оспановты Мюнхенде көрген болатынбыз, ол кезде ол жалғыз болған. Ал қазір көптеген адамдар жинақталған. Біз осы спорттың түрі дамып келе жатқанын көріп отырмыз, - деді бүйрегіне трансплантация жасалған және диализ алатын адамдардың өмірі қандай екенін жетік білетін Юдит.

Келісім презумпциясы

Юрий КАНДАЛОВ Қазақстанның астанасына Уфадан келген. Бұрын теңіз флотында қызмет еткен ол қазіргі таңжа Башқұртстандағы “Нефро-Лига” ҚБ президенті және “Нефро-Лига” нефрологиялық емделушілер аймақаралық ҚБ төрағасының орынбасары болып табылады

– Қатты күйік алғаннан кейін бүйректерін жұмыс жасамай қалды. Тоғыз жыл бойы гемодиализге барып жүрдім. Алғашқы жылы өмір сүргім келген жоқ, дені сау адамнан – жасанды бүйрек аппаратына таңылған адамға бір-ақ сәтте айналдым. Аптасына үш рет 4-5 сағаттан жатасың, еш жерге шыға алмайсың. Бір-екі емшараны өтізіп алу өлімге алып келеді...

Одан кейін мен ұйымға мүше болдым, Ресейде нефрологиялық емделушілердің құқықтарын қорғай бастадым: медициналық мекемелерге препараттарды жеткізуді кешіктіру, диализ орталықтарының жетіспеушілігі, жасанды бүйрекке кезектер мәселелері орын алатын еді. Біз оны өлім кезегі деп атадық – адамдар көмекті күтіп, қол жеткізе алмай өмірден өтіп кететін еді. Мәселелердің шешімін таба бастадық, аз уақыт өткен соң Башқұртстан Республикасында МЖӘ негізіндегі диализ орталықтары ашыла бастады, мұнда емделушілер міндетті медициналық сақтандыру қорының есебінен қажетті продедураларды ала бастады, - деп бөлісті 56 жастағы Юрий.

Башқұртстанда 5 мемлекеттік орталық болған және 35 диализ орталығы ашгылған, мұнда қонақтарға да диализ жасалады. Ресейде келісім презумпциясы ұстанымы қолданылады – егер өмірден өткеннен кейінгі донорлықтан бас тартпаған болса, дәрігерлер мүшелерін ауыстырып сала алады.

– Біздің республикамызда аталған бағыт дамып келеді, жыл сайын 47 бүйрек трансплантациясы, 4 бауыр трансплантациясы өткізіледі. Жүректі де ауыстырады. Өткен жылы емделушілер саны 37 болған, биылғы жылы жаңа денсаулық сақтау министрі тағы 10 емделушіге квота алуға қол жеткізді.

Маған 2013 жылы бүйрек трансплантациясы жасалған, күніне екі рет препарат қабылдаймын (бұл өмір бойы алатын қолдау терапиясы), ал басқа жағынан абсолютті дені сау адам секілді өмір сүремін. Сайыстарда барлық спорт түрлеріне қатысамын, - деді Юрий.

Осындай ойындар өмірдің өлімді жеңетінін, ал трансплантацияның игі іс, мейірімділіктің көрінісі екенін, оның жүздеген мың адамдарды құтқара алатынын көрсетеді, деп айтып кетті сайы мәресіне жүгіріп келе жатқан уфалық азамат.

Жаңа мәрелер!

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың директорлар кеңесінің төрағасы Бексултан ТУТКУШЕВ тақырыпты жалғастырды:

– 90-жылдарда Қазақстанда мүшелерді ауыстыру бойынша операцияларды өткізуге қаржы болған жоқ, көптеген адамдар қажетті медициналық көмекті ала алмай көз жұмды. Ал 2012 жылдан бастап біз 1 800 мүшелер трансплантациясын жүзеге асырдық, оның ішінде: 1 150 бүйрек, 280- бауыр және 80 жүрек ауыстырылды.

Мүшелердің трансплантациясына рұқсат берген туысқандарына және өзі өмірден өтіп кетсе де жүректері біздерге жаңа өмір сүру мүмкіндігін берген адамдарға алғыс білдірейік.

Мен, трансплантация – игілікті іс екендігі жөнінде фетва шығарған діни қауымдастықтарға, оның ішінде, мұсылман қауымдастығына алғыс білдіремін. Ота жасайтын медициналық қызметкерлерге де алғысымды айтамын. Ал сайыс қатысушыларына ұзақ өмір және бақыт тілеймін!

Біз қатысушыларға мүшелеріне трансплантация жасалған және диализ алатын емделушілер арасындағы алғашқы ұлттық ойындар қатысушыларына жаңа мәрелер тілеймін! Ең бастысы – өмір мүмкіндігін сіздер жеңіп алдыңыздар!

 

Дерек көзі: www.caravan.kz

Бөлісу: