БАҚ Орталық туралы

Мәдениет, спорт және туризм саласының қызметкерлері медальдармен марапатталды

06.10.2020

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова коронавирус пандемиясы кезінде тұрғындарды рухани демеп, түрлі жобаларды қолға алып, белсенділік танытқан мәдениет, спорт және туризм саласы өкілдерін онлайн форматта «Халық алғысы» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Жиын басында министр барлық мәдениет, спорт және туризм саласының мамандарына алғыс айтты.

«Биыл 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың № 412 Жарлығымен пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеу мақсатында мәдениет және спорт саласындағы бірқатар азамат «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Еліміздегі мәдениет, спорт, туризм саласына 100-ден астам «Халық алғысы» медаліне квота бөлінген болатын. Солардың ішінде өздеріңізді ерекше атап өтіп, аталған медальді табыстау рәсімін өткізгелі отырмыз. Осы уақыт аралығында Сіздердің талмай еткен еңбектеріңіз бен қызметтеріңіздің арқасында, ел ішіндегі қиын-қыстау уақытында өз өнерлеріңізбен, қажырлы еңбектеріңізбен халық ризашылығына бөлендіңіздер. Тән саулығымен қатар жан саулығы жүретіні белгілі. Жанның саулығы – құнарлы, мазмұнды жырда, әуезді әнде, тағылымды дәрістер арқылы қалыптасатыны тағы бар. Сіздердің әр көрсеткен қызметтеріңізді мемлекет тарапынан елеп-ескеріп, қолдау көрсету мақсатында осы атаулы медальмен марапаттауға рұқсат етіңіздер»,-деді Ақтоты Райымқұлова.

Мәдениет және спорт министрлігі бойынша марапатталғандар тізімі:

Абаханов Есқайыр Жәрдемұлы – Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы директорының орынбасары;

Абдуллин Нұрлан Мұханұлы – әнші;

Адамжан Бақтияр Бақытжанұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының балет әртісі;

Ақылбек Серік Шаймерденұлы – «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі директорының орынбасары;

Алтынбаева Зарина Әнуарқызы – Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының артисі;

Алтынбеков Алмас Керімжанұлы – «Қазақконцерт» МКҚК директорының орынбасары;

Арынбаев Медеубек Уәлиханұлы – әнші;

Аубакирова Динара Жұмабайқызы – велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының бөлім басшысы;

Ахмедьяров Қазбек Ғазизұлы – «Астана Балет» театрының жетекші солисі;

Әбдікәрімов Мейрамбек Ахметкәрімұлы – Қазақ ұлттық өнер университетінің кафедра меңгерушісі;

Әбдіхалықова Лена Мәжитқызы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының солисі;

Әлімбекова Сандуғаш Толымбекқызы – «Қазақконцерт» МКҚК тігіншісі;

Әуелбекова Мөлдір Есіркепқызы – әнші;

Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы – домбырашы;

Баекенов Қайрат Әбдысатарұлы – әнші;

Байболатов Ернар Ерболұлы – «Қазақ әуендері» АҚ жетекші дизайнері;

Балажанова Ардақ Байділханқызы – «Қазақконцерт» МКҚК солисі;

Бекетаева Айгерім Болатбекқызы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының балет артисі;

Бимұрзаева Нұра Есенгелдіқызы – Ұлттық музейдің бөлім басшысы;

Болманов Қыдырәлі Нұртайұлы – әнші;

Досжан Сәуле Мағазбекқызы – жазушы;

Еділбаева Индира Манарбекқызы – әнші;

Елембаева Анар Нариманқызы – басқарма басшысы;

Есенқұлов Асқар Бердібекұлы – «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің бөлім басшысы;

Есқалиева Нағима Қабдулқызы – әнші;

Желтыргузов Азамат Қайратұлы – опера әншісі;

Жұмаділ Қабдеш – жазушы;

Жұрынбаев Ерлан Сыдықұлы – ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі;

Забирова Толқын – әнші;

Зікірия Досым Қуатұлы – «Есік» мемлекеттік тарихимәдени қорық-музейінің бөлім жетекшісі;

Каримов Алишер Шукирович – әнші;

Ким Елена Викторовна – Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының бас режиссері;

Ким Роман Николаевич – әнші;

Қапешов Нұрбол Қабдылұлы – ҚР Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы;

Майғазиев Сәкен Қордабайұлы – әнші;

Мусина Флюра Борисовна – балет сыншысы;

Еркінбаев Ержан Мәлікұлы -Kazakh Tourism ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

Мұхамедқызы Майра – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры опера труппасының жетекші солисі;

Мұхтарова Жаңыл Өміртайқызы – департамент директоры;

Нұржігіт Рүстембек Өмірбайұлы – әнші;

Нұрмолдаев Серік Тоқтасынұлы – музыкант, мультиинструменталист;

Орынбасарова Жанаргүл Нәсіпқалиқызы – әнші;

Парманова Қабира Жақсығұлқызы – Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжінің мұғалімі;

Поротикова Инна Дмитриевна – Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының костюмдер мен аяқкиім жасау және сақтау қызметінің басшысы;

Рысқали Ерлан Рысқалиұлы – дәстүрлі әнші;

Тамабаев Дәурен Ғабдоллаұлы – «Қазақ әуендері» АҚ бөлім басшысы;

Танская Оксана Анатольевна – Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің бөлім басшысы;

Тен Валихан Анатольевич – «Қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы» РҚБ бас директоры;

Тен Татьяна Альбертовна – «Астана Балет» театрының жетекші солисі;

Тоқсанбаев Жұбаныш Жексенбекұлы – әнші;

Толықбаев Әділжан Майкенұлы – композитор;

Төленбаева Клара Муфтиқызы – «Қазақконцерт» МКҚК солисі;

Төлепберген Еламан Маратұлы – «Қазақконцерт» МКҚК бөлім басшысы;

Тұрсынбаева Айнұр Жұмабекқызы – айтыскер;

Тілеухан Бекболат Қанайұлы – мемлекет және қоғам қайраткері;

Урманчеев Тимур Акрямович – пианист;

Шомаева Дилара Ержанқызы – «Астана Балет» театрының жетекші солисі;

Ысқақова Жанар Шәмшіханқызы – Республикалық спорт колледж директорының орынбасары;

Ізім Тойған Оспанқызы – Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры.

Басқосуда халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Сәуле Досжан сөз алды.

«Пандемия кезінде балаларға арнап жазған ертегілерімді оқып, ел тұрғындарына көмектескеніме қуаныштымын. Осы еңбегімізді ескеріп, марапатқа ұсынған Министрлікке, осындай сыйлық тағайындаған Президентімізге алғыс айтамын»,-деді ол.

Сонымен қатар «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының балет артисі Бақтияр Адамжан «Астана Опера» театры ұжымының алғысын жеткізді

«Еңбегіміз еленіп жатқанына қуанштымын. Алдағы  уақытта да біздің театрымыз көрерменді қуанту үшін күш сала жұмыс істеуге дайын»,-деді.

Ал Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжінің химия пәнінің мұғалімі Кабира Парманова да жүрекжарды лебізін білдірді.

«Пандемия кезінде балаларды қашықтан оқыту өте қиын болды. Дегенмен Министрліктің, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дұрыс, тиянақты ұйымдастыруымен барлық жұмысты ойдағыдай атқардық. Сол кездегі еңбегімізді елеп, осындай марапат жасап жатқандарыңыз үшін рақмет»,-деді ұстаз.

Дереккөзі: kaznovosti.kz

Бөлісу: