Жеңіл атлетикадан ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты. (2006-2007)

23.02.2023

Ақпанның 23-25 аралығында Астана қ. “Qazaqstan” жеңіл атлетикалық спорт кешенінде жеңіл атлетикадан 2006-2007 ж.т ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа елеміздің түкпір түкпірінен 449 жасөспірім жеңіл атлетиканың 19 түрінен өзара сайысқа түсті.

Бұл жарысқа біздің Орталықтың спортшылары да қатысып бір қатар жеңістерге қол жеткізді.

Жеңілатлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты нәтижелері.

Сонымен қатар:

4*400 метрге жүгіру эстафетасында бірінші орынға Рустамбаева Дарья, Милана Зубарева, София Ким, Александра Обивалина;

4*200 метрге жүгіру эстафетасында Екатерина Пузырева, Ким София, Милана Зубарева, Дарья Рында ие болды.

Жоғарыда аталған төрттіктеріндің қатарында біздің Орталықтың спортшысы София Ким бар;

60 метрге барьер мен жүгіруден Нургалиева Камила 2 орынға;

Көпсайыс жеңіл атлетиканың түрінен: Ирина Конищева 1 орынға;

Биіктікке секіруден: Малюгина Арина 1 орынға;

3000 метр қашықтыққа жүгіруден: Болатбекқызы Айана 2 орынға;

2000 метрге кедергілер мен жүгіруден: Акимов Александр 2 орынға ие болды;

Сонымен қатар Шерхан Егізбай ұлдар арасында спорттық жүруден 22:54,4 көрсеткіші мен Қазақстан Чемпионатының жаңа рекордын орнатты!

Құттықтаймыз !

Бөлісу: