Қазақстанда А. Асанов атындағы (Алматы обл.) атқыштар клубында тұңғыш рет стендтік атудан Әлем рейтингтік Кубогы өтуде

22.05.2023

20-29 мамыр аралығында Қазақстанда А. Асанов атындағы (Алматы обл.) атқыштар клубында тұңғыш рет стендтік атудан Әлем рейтингтік Кубогы өтуде. Спорт әлеміндегі бұл маңызды оқиға жақын және алыс шетелдердің 300 спортсмен және 42 елінің қатысушыларын жинады.

Осы жарқын спорттық іс-шараға арналған стендтік атудан А. Асанов атындағы Әлем Кубогының ашылу салтанаты 21 мамырда сағат 19.00-де атқыштар клубында өтті.

Ашылу салтанатына А.С. Көлгінов - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;

Халықаралық спорттық атыс федерациясының Президенті - Лучано Росси;

Қазақстан спорттық атыс федерациясының Президенті - Берік Асылов;

Африка Федерациясының Президенті - Hazem Hosny Ahmed;

Еуропалық спорттық атыс федерациясының Президенті - Александр Ратнер;

Араб елдері мен Кувейт атыс спорты федерациясының Президенті - Дуанч Алот Ай Би;

М. С. Сұлтанғазиев - Алматы облысының әкімі;

Е.Б. Қанағатов. - ҰОК Спорт дирекциясының директоры;

А.Р. Сейсенбек - ҚР Туризм және спортты қолдау қорының директоры қатысты.

Бөлісу: