БАҚ Орталық туралы

Қазақ-түрік лицейі командасы Астана оқушылары арасында футбол турнирін жеңіп алды

30.09.2014

«Сарыарқа» велотрегінің жаңа мини-футбол алаңдарында астананың Сарыарқа ауданы оқушылар арасында турнир өтті. Футбол жарыстарынан күресте Қазақ-түрік лицейі жеңімпаз команда болып шықты, - деп «Кешкі Астана» корреспонденті хабарлайды.

Бірінші жарыс күні 7 қатысушы –командалар ішінен жартылай финалистердің квартетін анықтады. Олар Ғафу Қаирбеков атындағы №2 мектеп гимназиясы, №7 мектеп-гимназиясы, №61 орта мектебі  және Қазақ-түрік лицейі болды. Жартылай финал қорытындылары бойынша табысы азырақ командалар - №7 және №2  мектеп гимназиясы жекпе-жекте ең күштіні анықтады, сөйтіп, 7-ші мектеп гимназистері жеңіске жетті.

Финалдық жарыста Қазақ-түрік лицейінің футболистері «Сарыарқаның» құрмет кубогына ие болып, 61-ші мектептен қарсыластарын жеңді. Бұл біздің ұйымдастырып отырған бірінші іс-шарамыз емес. Оның мақсаты – балаларды біріктіріп, жас ұрпақты салауатты өмір салтына және бос уақыттарын мақсатты өткізу, - «Жас ұлан» Бірыңғай балалар-жастар ұйымы» өңірлік дамыту бөлімінің маманы Гүлнұр Қазтаева атап өтті.

Ұйымдастырушлардың одан арғы жоспарлары – ауқымды деңгейде  балалар арасында турнирлерді және ғаламдық чемпионаттарды өткізу.

www.vechastana.kz

Бөлісу: