БАҚ Орталық туралы

«Сарыарқа» кубогы Ақкөлге барады

29.07.2014

«Сарыарқа» Республикалық велотрегі жақсы дәстүрге айналған Ашық есік күні шеңберінде өз қабырғаларында балалар үйлері тәрбиленушілері арасындағы мини-футбол бойынша турнирді қабылдады.

«Сарыарқа» футбол алаңында құрмет кубогы үшін Светоч балалар үйінің және Ақкөл қаласы балалар үйінің командалары күресті. Бұл күресте Ақкөл қ. командасы жеңіске жетті. Футбол трофейінен басқа, оған «Астана» ФК футболистерінің қолы қойылған доптар берілді. «Светоч» балалар үйінің тәрбиеленушілері назарсыз қалған жоқ. Олар Республикалық велотрек әкімшілігінен мини-футболға арналған доп алды.

Турнирдің үздік ойыншылары жеңімпаздар командасынан Жаслан Капизов және «Светоч» құрамында үздік атанған Ян Шмаков атанды.

- Өсіп келе жатқан ұрпақ үшін турнирлердің, тегін акциялардың, эстафеталардың, жарыстардың өткізілуі бірінші жыл емес. Жақын арада біз бүгінгі қатысушыларды қуана-қуана шақыра алатын дала мини-футбол алаңдарын ашамыз, - «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК өкілі Серік Әбдрахманов.

Тимур ӘУБӘКІРОВ
www.vechastana.kz

Бөлісу: