БАҚ Орталық туралы

Бір күн тоқтап қалусыз

18.10.2014

«Сарыарқа» астаналық велотрегі–елдің жұмысбасты спорт кешендерінің бірі

Ультразаманауи аренасында тұрақты түрде әртүрлі жарыстар өтеді. Мысалы, өткен аптада «Сарыарқа» дзюдо бойынша әлемдік гран-приді өткізе отырып, кезекті шақыруды қабылдады.

Біреу үшін кешен үйі болып табылады? Қандай командалар жарыстар мен жиындарды тұрақты түрде өткізеді? Көпшілік спортты дамыту үшін не жасалуда? «Литера» корреспондентінің бұл сұрақтарына  велотрек директоры Бауыржан Мұқашев жауап берді.

– Біз барлық іс-шаралар мен турнирлерді тиісті деңгейде өткізуге тырысамыз, – деп атап өтті.

–Дзюдо бойынша гран-при ерекше болмады. Қазақстан құрамасының мүшелері Елдос Сметовты, Жансая Смағұлованы, Асхат Тельмановты, Азиз Қалқаманұлын, Максим Раковты сәтті шығуларымен құттықтаймын. Мен біздің дзюдоистерімізге үлкен үміт артып, бірінші күннен бастап тартысты бақыладым. Олар толығымен ақталды.

–Велотректің өзі жанкүйерлердің үміттерін ақтай ма?

– Мен былай деймін: біздің кешен – бірегей. Тректе рекордтар қойылмады. Бірақ басты ерекшелік көп атқарымды болуында. «Сарыарқа» көпшілік спортты дамыту орталығы болып табылады. Велотрек дамыған инфрақұрылымға ие, бұл бізге кез-келген спорт түрі бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. «Сарыарқаның» жоғары деңгейінің дәлелі оның айтқысыз қажеттілігі.

Бізде бір-де бір бос ғимарат жоқ. Біздің спорт кешеніміз –«Астана» баскетболистерінің үйі, мұнда тұрақты түрде футбол, шорт-трек, велоспорт бойынша Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамалары, «Астана», «Астана - 64», «Бәйтерек» футбол клубы жарыстар өткізеді. Бізде «Жұздыз» көркем гимнастика мектебі, тхэквондо секциясы, ЦСКА бөлімшесі орналасқан.

Өткізу қабілеттілігі айына 13 мың адамды құрайды. Бұл дзюдо бойынша гран-при сияқты ауқымды жарыстарды қоспағанда. Ешқандай тұрып қалу деген болмаған. Маған әрдайым әр түрлі қажеттіліктер үшін залдар бөлу өтінішін білдіреді, кейді мен мұны тіпті жасай алмаймын. Өйткені аренаның жұмысбастылығы іс жүзінде жүз пайыз. Астанада спорт жыл сайын үлкен табысқа ие болуда.

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елдегі халықтың 30 пайызы көпшілік спортқа қатысуы тиіс. Біз өз тарапымыздан барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысамыз. Ағымдағы жылы біз екі жобаны іске асырдық – 16 тамызда «Сарыарқа»  велотрегі аумағында барлық инфрақұрылымы бар екі мини-футбол алаңын аштық. Бұдан басқа, 17 қыркүйекте ақысыз негізде дала спорты түрлері - стритворкаут (streetworkout) және скейтпарк үшін алаң аштық. 

Жандос БОЛМАНОВ, Астана 
www.liter.kz

Бөлісу: