БАҚ Орталық туралы

Астана құрамасы велоспорт бойынша Қазақстан Чемпионатында алматылықтардан жеңілді

22.09.2014

«Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында велоспорт бойынша ел Чемпионатының соңғы күні өтті . Жас велошабандоздар шеберліктің ең жоғарғы деңгейін және ел абыройын әлемдік турнирде қорғауға дайын екендерін көрсетті.

Жарыс ересек спортшылар мен юниорлар арасында 10-нан астам дисциплина бойынша өтті. Чемпионаттың жалпы есебінде астаналықтар алматылық велошабандоздардан жеңіліп, екінші жалпы командалық орынға ие болды. 6-күндік жарыстар қорытындылары бойынша командалық спринте астаналық Амелия Искакова және Елизавета Прохоренко чемпиондар атанды.

Соңғысы спиринтте және кейринде жоғарғы дәрежеге жете алды. Астаналық велошабандоздардың абыройын Марат Иманжүсіпов та сәтті ақтай алды, ол 3 километрге қуалау жарысында жеңіске жетті.

Командалық қуалау жарысында жеңімпаз командалар ішінде астаналық Никита Клеванов болды. Турнир аяқталғаннан кейін 3 кәсіби велосипедтердің ұтыс ойынымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

www.vechastana.kz

Бөлісу: