БАҚ Орталық туралы

«Қазақстан оқушысы-2014»

25.07.2014

Қазақстандық велосипед спортының 100-жылдығына арналған республикамызда іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу елдің барлық бұрыштарындағы велоқозғалысты жандандырып, патриотизмді тәрбиелеу, бұқаралық дене шынықтыру қозғалысын дамыту, әлеуметтік маңызды акцияларды және бастамаларды ұйымдастыру үшін үлкен стимулға айналды.

Тамыздың басында Шығыс-Қазақстан облысының көрікті аймақтарында мерейтойлы оқиғаға арналған велосипед жарыстары күнтізбесіндені ең атақты және айтулы - «Қазақстан оқушысы-2014» 45-ші рет басталуда . 

Қазақ ССР Халықтық білім беру министрлігінің Жоғары спорт шеберлігі Республикалық балалар-жастар мектебінің бастамасы бойынша 44 жыл бұрын пайда болған, ал 2002 жылдан бастап ҚР БҒМ Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығы Қазақстандық велосипед спорты федерациясымен бірлесе өткізетін бұл жарыс біздің еліміздің ғана емес, сондай-ақ басқа елдердің де келешекті қорын дайындау үшін жақсы мектепке айналды. Әр түрлі жылдарда Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Мәскеу, Сумгаит, Барнаул, Омск, Челябинск қалаларының жастар командалары оның қатысушылары болды.

Жарыстарға оның ұзақ және аса күрделі бағдары атақтылық берді: тоғыз күндік марафон –жоғары сынып оқушыларын айтпағанда, ересектердің, тәжірибелі спортшылардың өзі үшін де бұл сынақ оңай болмайды. Бірінші кезеңге мүлдем «жас», тәжірибесіз спортшылардың шығуы жиі болды, жарыстың соңында бұл тас жолдардың «профиіне» дейін айналады.

Жарыстардың тұрақты директоры – ҚР еңбегі сіңген бапкері, Қазақстанның еңбегі сіңген мұғалімі Александр Леонидович Антышев. Өткен жылдары «Қазақстан оқушысы» «көп күндікке»  6 348 спортшы қатысты  (орташа есеппен жылына 144 қатысушы). Бұл тұрғыда 45 командалардан 268 қатысушы стартқа шыққан 1981-ші жыл «өнімді» болды.

Бапкерлері мен қатысшылары атаған «Шағын велосипед академиясы» Олимпиада ойындарында, әлем, Еуропа, Азия, СССР чемпионаттарында, барлық құрлықтағы басқа халықаралық жарыстарда табыспен шыққан Қазақстанның әйгілі велосипедшілерінің үлкен жүйріктері тобының шеберлігін өңдеді. Әр түрлі жылдары бұл жарыстарға әйгілі қазақстандық спортшылар қатысты: юниорлар арасындағы екі мәрте әлем чемпионы Сергей Шпак, әлемнің юниорлық чемпиондары Николай Бондаренко, Владимир Волошин, Сергей Капустин, Михаил Тетерюк, Вадим Кравченко, Эдуард Грюнер, Петрас Юкна, Александр Клаус, Александр Лопанев. Осы веложарыс мектебінен біздің атақты ересектер арасындағы чемпиондарымыз да өтті: Сергей Наволокин, Игорь Патенко, Марат Сатыбалдиев, Николай Макаров, Алексей Луценко.

«Қазақстан оқушысы» жарысының тағы бір қатысушысын жақсы сөзбен еске алмауға болмайды: 2012 жылы Лондонда олимпиада чемпионы атанған Александр Винокуров та, 1987, 1988 және 1989 жылдары  одан өтті. Сондай-ақ солтүстік қазақстандықтың активінде 2002 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс медалі, 2003 жылғы  «Тур де Франс» жарысында үшінші орын,  «Вуэльте-2006» бас классификациясындағы жеңіс, 2004 және 2006 жылдардағы әлем чемпионаттарының қола медальдары бар.

«Қазақстан оқушысы» бұрынғы қатысушылары жетістіктерінің жинақ сандықшасында – 2001 жылғы «Тур де Франс» жарысындағы Андрей Кивилевтің төртінші орны, Андрей Кашечкиннің 2004 жылғы әлем чемпионатындағы алтыншы және «Вуэльте-2006» үшінші    орындары, сондай-ақ  жазғы Азия ойындарындағы және Азия чемпионаттарындағы біздің тас жолы жарыстары шеберлерінің табысты көрсетулері.

Велосипед жарыстары бойынша пост кеңестік кеңістіктегі ең беделді жарыстардың бірінің қатысуышаларына- жас жерлестерімізге «Қазақстан Оқушысы» өткен жарыстары жеңімпаздарының мирасқорлары болуды, сондай-ақ дене шынықтыруға және велосипед спортына деген сүйіспеншілікті мәңгі сақтауды тілейміз.

Юрий АЛЕКСАНДРОВ 
www.kazpravda.kz

Бөлісу: