Спорттың 12 түрінен Қазақстан Республикасы Парламентінің жүлделеріне арналған фестиваль

20.12.2012

Бүгін, 2012 жылғы 20 желтоқсанда елордалық велотрегінің аренасында спорттың 12 түрінен Қазақстан Республикасы Парламентінің жүлделеріне арналған бірінші фестиваль аясында жекпе-жек өнерінің үш түрі бойынша спортшылар өтті. Үздік спортшы атағын сарапқа салуға каратэ-киокушин, кикбоксинг және муайтай шеберлері жиналды, деп хабарлайды «Сарыарқа» велотрегінің баспасөз қызметі.

Жалпы жарыс өз деңгейінде өтті. Жанкүйерлер өздерінің кумирлерін қызу қолдап, кейде қолдау сөздерін айғайлап жатты. Айқастар аяқталғаннан кейін спортшылар мен олардың ойыншылары ашылу салтанатына «Дәулет» спорт кешеніне аттанды.

Алдағы күндері қазақ күресі, каратэ-до, ушу-санда, ушу-таолу, самбо, джиу-джитсу, қоян-қолтық ұрыс, таэквондо, кудодан спортшылар арасында жекпе-жек өтеді деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек фестивалі ағымдағы жылдың 20-24 желтоқсан аралығында өтеді.

«Сарыарқа» республикалық велотрек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі
Сейталиева Анара


Бөлісу: