«Астана Аренада» испандық жаттықтырушылардан шеберлік сабағы

13.07.2013

30 маусым мен 13 шілде аралығында елордалық «Астана Арена» стадионының алаңында үздік испандық жаттықтырушылардан шеберлік-сыныптар өтті. Карлес Марторелл Бэкес пен Иван Паланко Сантьяго еуропалық жаттықтырушылар - үлкен тәжірибесі бар марапаттарға ие. Еліміздің барлық өңірлерінен келген 80-нен астам бала доппен кәсіби түрде айналысу сабақтарын өтті, деп хабарлайды «Сарыарқа» республикалық велотрегінің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, бұл шара «Салауатты өмір салты» бағдарламасы аясында ұлт денсаулығын жақсартуға арналған іс-шаралар кешеніне енді. Шара қазақ футболының жүз жылдығына арналып отыр. Қаржылық қолдауды Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Назарбаев орталығы көрсетті. Қазақстан футбол федерациясы да бірқатар мәселелер бойынша көмек көрсетті.

Карлес Марторел Бэкейс қазақ футболының дамуы мен елдің спорттық инфрақұрылымы туралы пікірімен бөлісті:

«Мен «Астана Арена» стадионына жалпы таңдандым. Стадионның тартымды төбесі мені таң қалдырды, ол жайлылық үшін барлық жағдайды қамтамасыз етеді.Алаңның бетінің сапасын атап өтпеске болмайды. Көгалдар табиғиға өте ұқсас. Бұл ең маңыздысы. Мұнда стадион да, жер үсті де барлық талаптарға сай.

Біздің міндетіміз – балаларға әдістемемізді түсіндіру және мұнда Еуропада қалай жұмыс істейтінімізді көрсету. Қазақ балаларымен жұмыс жасау біздің туған жерімізде өтетін сабақтарымыздан бөлек екенін есте ұстаған жөн. Бұл балалардың ерекшеліктері мен олардың деңгейіне байланысты.

2 аптаның ішінде 80 баламен кездесуге мүмкіндік алдық. Олардың арасында әртүрлі әлеуетті балалар бар. Кейбіреулер үшін бәрі оңай болады және олар өз еліндегі табысты футболшылардың қатарына қосылуы мүмкін. Біз Қазақстанға талантты футболшылардың көбірек болуына тілектеспіз».

Бөлісу: