Ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы Ильи Ильин атындағы «ILYIN IRON CUP» турнирі

21.12.2022

21-22 желтоқсанда Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде (Тұран, 59) қазақстандық ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин бастамасымен және ұйымдастыруымен күштік спорт түрлерінен «ILYIN IRON CUP» демонстрациялық турнирі өтті.

«ILYIN IRON CUP» - Қазақстан мен көршілес елдердің 200-ге жуық кәсіпқой спортшысы ауыр атлетика, пауэрлифтинг, армрестлинг, кроссфит, мас-рестлинг, гір көтеру, армлифтинг, воркаут, стронгмен сынды спорт түрлері бойынша үздік атану үшін күресетін бірегей спорттық іс-шара.

Турнирдің ашылу салтанаты 21 желтоқсанда сағат 10.00-де өтті.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, олимпиада чемпиондары - Серік Сәпиев және Ольга Рыпакова, G-PARK компаниясының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов, және т.б. қатысты.

Бөлісу: