Нұр-Сұлтанда U23 және жасөспірімдер санатындағы спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті

26.07.2022

23 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында U23 және жасөспірімдер санатындағы атлеттер арасында Азия чемпионаты өтті. Оған әлемнің 13 елінен 100-ден астам спортшы қатысты, олардың арасында Жапония, Корея, Қытай, Гонкон елдерінен ... Бұл елдердің спортшылары аталған санаттардағы рейтингтердің көшбасшылары болып табылады.

Біздің елден 15 спортшы қатысты, олардың ішінде «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығының» екі спортшысы үздік нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Дарын Қонысбаев U23 санатында күміс жүлдеге ие болып, Гонконгтық Оскар Коггинс пен Қытай өкілі Цин Ченге жол берді.

Junior man санатында жапониялық спортшылар Аму Омуро мен Такумо Осима жеңіске жетті, біздің орталықтың түлегі Крупяков Егор қола жүлдені иеленіп, 3-орынға көтерілді.

Бөлісу: