Сенбі, 17 тамыз күні «Астана Арена» спорт кешенінде Спорт күніне орай шағын футболдан турнир өтті.

17.08.2013

Турнирге Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, журналистер командасы, ДШНК, әрине, «Сарыарқа» велотрегі қатысты. Барлық командалар екі топқа бөлінді. Журналистер командасы «А» тобында ең мықты болып көрінсе, «В» тобында «Сарыарқа» велотрегінің қызметкерлерінен құралған команда 1-орынға ие болды. Топ жеңімпаздары финалда кездесіп, велотрегінің жігіттері журналистер командасын 3:0 есебімен жеңді.

Велотрегінің жігіттері көптеген спорттық іс-шараларға қатысып, бірінші орындарды иеленетінін атап өткім келеді, соның ішінде 2013 жылғы Аргумент күніне арналған мини-футбол.

Жүлделерді, кубоктар мен мақтау қағаздарын Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Есентаев Тастанбек Құтжанұлы табыс етті.

Бөлісу: