4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні

04.06.2022

Бүгін, 4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Биыл Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл. Мемлекеттік рәміздер – кез келген тәуелсіз елдің тірегі, егемендіктің, тарихтың мызғымастығының айғағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

Мемлекеттік рәміздер қабылданғаннан бері қазақстандықтардың барлық жеңістері мен жетістіктері солармен байланысты. Отандастарымыз Қазақстан туын әлемдік жарыстар мен олимпиадалардың жеңісті жолдарымен мыңдаған рет көтеріп, жер шарының қол жетпейтін жерлерінде желбіретіп, ең биік тау шыңдары мен ғарыштық қашықтықтарға көтерді.

«Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығы қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтайды! Ұжым мерекеге орай ұйымдастырылған флешмобқа қатысты.

Бөлісу: