Қазақстандықтар жеңіл атлетикадан Орталық Азияның Ашық чемпионатында 9 алтын медальға ие болды

22.05.2024

Спортшыларымыз жеңіл атлетикадан Орталық Азияның Ашық чемпионатында 9 алтын, 7 күміс және 5 қола медальға ие болды. 18 жасқа дейінгі ұл-қыздар арасында өткен сайыс 17-19 мамыр аралығында Өзбекстан елінің Ташкент қаласында ұйымдастырылды. Чемпионатта 7 елдің 436 спортшысы қатысты. Біздің спортшыларымыздың нәтижесі төмендегідей:

Конищева Ирина - күміс (ұзындыққа секіру); алтын (200 м.);

Стороженко Маргарита - алтын (5000 м/с);

Егізбай Шерхан - күміс (10000 м/с);

Струков Егор - қола (10000 м/с);

Шаиев Рамазан- күміс (1500 м.);

Ким София - күміс (800 м.);

Зубарева М.- алтын (400 м.), күміс (200 м.);

Малюгина Арина - алтын (биіктікке секіру);

Кучина Анастасия - күміс (биікке секіру);

Гончаров Богдан - алтын (110 м. с/б);

Киденко София - қола (400 м.);

Сейдрахман Нұржан - қола (400 м.);

Утешев Константин - күміс (дискіні лақтыру); қола (ядроны итеру);

Маркова Валерия - қола (ядро итеру); алтын (балға лақтыру);

Зубарева М., Киденко С., Сейдрахман Н., Куликов П. - алтын (эстафета mix 4 * 400 м.);

М.Зубарева, И.Конищева - алтын (эстафета 4 * 100 м.);

Гончаров Б. - алтын (эстафета 4*100 м.).

Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!

Бөлісу: