Жаңалықтар
Балалардың жүзу жарыстың қорытындылары
Мамыр айының 5-ші жұлдызында «Сарыарқа» фитнес-орталығында жүзуден жарыс өтті. Жарыстар салауатты өмір салтын одан әрі насихаттау және балалар мен жасөспірімдердің суда жүзуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізді.
Сайысқа «Сарыарқа» фитнес-орталығында, «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика спорт кешенінде және Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жаттығатын 2007-2017 жылдары туған 285 ұл-қыздар қатысты. Ереже бойынша әр қатысушы 3 қашықтыққа жүзуге құқылы болды. Өз жас санатында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар медальдармен және дипломдармен марапатталды. «QAZAQSTAN» спорт кешенінің командасы жалпы нәтиже бойынша ең мықты атанды.
Жарыстардың қорытындысы бойынша «Сарыарқа» фитнес-орталығының 161 спортшысы 49 медаль жеңіп алды, оның ішінде 12 алтын, 15 күміс және 22 қола.
Ал, «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика спорт кешенінің 124 спортшысы 68 медаль жеңіп алды, оның ішінде 29 алтын, 26 күміс және 13 қола.
Спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз!