3 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ДОМБЫРАШЫ РЕКОРД ЖАҢҒЫРТТЫ

30.10.2024

Тарихи сәт! Астаналық 3 мыңнан астам жас домбырашы бір уақытта күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік «Балбырауын» күйін орындап, Гиннес рекордтарын тіркеу кітабына енді. Әлемдік рекорд «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде жаңғырды.

«Балбырауын» - Құрманғазының бойға жігер сыйлап, рухты арттыратын асыл мұраларының бірі. Әдетте, домбыра үйірмесіне қатысушыларға ең алдымен осы туынды үйретіледі. Сол себепті, жаппай орындау үшін «Балбырауын» күйі таңдалған.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атауымен өткен іс-шара жастардың бойында патриоттық сезімді арттырып, қазақ өнерін одан әрі құрметтеп, ұлықтауға үйретері сөзсіз. Әсерлі орындауға еліміздің мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек дирижерлік етті.

Ұйымдастырушылар мұндай ауқымды шараларды алдағы уақытта да өткізу жоспарда екенін айтты.

Бөлісу: