Жаңалықтар
ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА ЕКІ АЛТЫН МЕДАЛЬ ТҮСТІ
23.06.2025
ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА ЕКІ АЛТЫН МЕДАЛЬ ТҮСТІ
2025 жылғы 21–23 маусым аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «VI G. Arzumanov Memorial» жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтті.
Жарысқа Қазақстаннан «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының екі спортшы қатысты:
- Залюбовская Александра
- Ермола Кристина
Залюбовская Александра 200 метр қашықтықта 23.61 секунд және 400 метрде 52.87 секунд нәтижемен екі бірдей алтын медаль жеңіп алды.
Ермола Кристина 100 метрге кедергілермен жүгіру сайысында 14.62 секунд нәтижемен төртінші орынға ие болды.
Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!