Жаңалықтар
ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ
09.10.2024
Бүгін «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешеніне әр түрлі кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарына білім беру экскурсияларын өткізуді қамтитын кәсіптік бағдар беру жобасы аясында қаламыздың оқушылары келді.
Қызметкерлер салқындатқыш, жылыту, сумен жабдықтау және желдету жүйелерін қоса алғанда, кешеннің қалай жұмыс істейтінін айтып, көрсетті. Сонымен қатар, ғимарат құрылысының ерекшеліктері де тілге тиек етілді. Айта кеткен жөн, мұндай экскурсиялар апта сайын 2024 жылдың желтоқсан айына дейін өткізіледі.
2023 жылы «Дұрыс таңдау – сенімді болашақ» кәсіптік бағдар беру экскурсиялары жобасы аясында қаламыздың 10 000-нан астам оқушысы қатысқан көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.