Жаңалықтар
«QAZAQSTAN» ЛЕГКОАТЛЕТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ
«QAZAQSTAN» ЛЕГКОАТЛЕТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ
Профессиялық бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту аясында жыл сайынғы «7-11 сынып оқушылары мен Астана қаласындағы колледждердің 1-курс студенттері үшін профориентациялық экскурсиялар» әлеуметтік жобасы жалғасуда. Жобаның мақсаты – жастардың қазіргі заманға сай әрі сұранысқа ие мамандықтар туралы түсінігін кеңейту, сондай-ақ түрлі экономикалық салалардағы білім беру мен мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру.
2025 жылы жобаның аясында 12 500-ден астам мектеп оқушылары мен студенттер қамтылады деп жоспарлануда. Экскурсия өтетін нысандардың бірі – Астананың ірі спорт кешені – «Qazaqstan» легкоатлетикалық орталығы.
Экскурсия бағдарламасы шеңберінде Астана қаласындағы №14 мектептің 10-сынып оқушыларының 35-і орталыққа танысуға барды. Экскурсия барысында оқушылар спорт нысанының инфрақұрылымымен танысып, оның тарихы мен күнделікті қызметі туралы ақпарат алды.
Кешеннің спорт бөлімі жетекшісі Ахат Нұрманов қатысушыларға сәлемдесу сөзін арнап, орталықтың функционалдық мүмкіндіктері туралы толық мәлімет беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, кешеннің бас инженері Сұңғат Садуов объектінің техникалық жағын таныстырып, ғимараттың инженерлік жүйелерінің жұмысын көрсетті.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті жарлығына сәйкес жүзеге асырылуда. Жарлықта 2025 жыл – Қолөнер және техникалық мамандықтар жылы деп жарияланған. Профориентациялық экскурсиялар жастардың жұмысшы және техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, жас ұрпақты кәсіби бағдарлау жүйесінің дамуына маңызды ықпал етеді.