Мемлекет басшысы аккредиттеу орталығының жұмысымен танысты

21.08.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде орналасқан Аккредиттеу орталығының жұмысымен танысты, Президентке Көшпенділер ойынына қатысатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды. Халықаралық іс-шараға 1500 ерікті тартылады деп жоспарланып отыр.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2800 қатысушы мен ресми делегация мүшелері келеді. Сайыстың 21 түрінен 97 медаль сарапқа салынады.

Негізгі жарыстар «Астана-арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, «Алау» мұз сарайы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, «Думан» қонақ үй-спорт кешенінде өтеді. Ал жамбы ату мен теңге ілуге арнайы алаң жасақталған.

Еске сала кетейік, Көшпенділер ойыны 8-13 қыркүйек аралығында өтеді.

 

Бөлісу: