INVICTUS «QAZAQSTAN» КЕШЕНІНДЕ «50 ФИТНЕС ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖАРЫСЫН» СӘТТІ ӨТКІЗДІ

15.07.2025

               INVICTUS «QAZAQSTAN» КЕШЕНІНДЕ «50 ФИТНЕС ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖАРЫСЫН» СӘТТІ ӨТКІЗДІ

2025 жылғы 12–13 шілде күндері елордадағы жеңіл атлетикаға арналған «Qazaqstan» спорт кешенінде еліміздің спорт саласындағы ірі оқиғалардың бірі — INVICTUS фитнес орталық желісі ұйымдастырған дәстүрлі «Клубтар бәйгесі» турнирі өтті.

Биыл алғаш рет елордада кеңейтілген форматта — «50 фитнес орталықтардың жарысы» атауымен іс-шара өткізілді. Турнирге Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген 250-ден астам қатысушы — кәсіби спортшылар, жаттықтырушылар және INVICTUS желісінің өкілдері қатысты.

Жарыстар келесі спорт түрлері бойынша өтті:
• кроссфит
• жүзу
• бодибилдинг
• пауэрлифтинг
• армрестлинг
• Owners Cup
• Members Cup
Әр санат бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапатталып, кәсіби спорт қауымдастығы тарапынан лайықты құрметке ие болды.
«50 фитнес орталықтардың жарысы» — спорттың қоғамды біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спорт мәдениетін дамытуға ықпал ететін жарқын үлгі болды.

Бөлісу: