ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

ЖҮЗУ СПОРТЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

03.10.2025
ЖҮЗУ СПОРТЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

Жүзу — ең көне әрі әсем спорт түрлерінің бірі. Археологтар жүзушілер бейнесін 6 мың жылдан астам тарихы бар мысырлық қабірлерден тапқан. Ежелгі замандарда жүзуді білу өмірлік маңызды саналды: Грекияда бұл дағдысы жоқ адамды толыққанды азамат деп есептемеген, ал Римде жүзу жауынгерлердің міндетті даярлығына кірген.

Қызығы, алғашқы жүзу жарыстары XVI ғасырда Жапонияда өткен — оған самурайлар қатысқан. Еуропада жүзу XIX ғасырда спорт ретінде қалыптасты: бассейндер салынып, ережелер жасалды, жүзу стильдері пайда болды.

1896 жылғы алғашқы заманауи Олимпиада ойындары бағдарламасына жүзу еніп, бірден негізгі спорт түрлерінің біріне айналды. Ол кезде жарыстарға тек ерлер қатысқан, ал әйелдердің алғашқы жарысы тек 1912 жылы өтті.

Қазіргі таңда жүзу — тек спорт қана емес, тән мен жанды шынықтыратын салауатты өмір салтының бөлігі. Ол барлық бұлшық етті қозғалысқа келтіріп, жүрек пен тыныс алу жүйесін күшейтеді, шыдамдылық пен ерік-жігерді тәрбиелейді.

Бөлісу: