Жаңалықтар
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚР КУБОГІ МЕН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21.01.2025
Қаңтар айының 17-сі мен 19-ы аралығында «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстан Республикасының кубогі мен 2008-2009 жылдары туған ұл-қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылды. Байрақты бәсеке өте тартысты өтті, қатысушылардың барлығы кәсіби дайындықтарын көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.
ҚР кубогінің қорытындысы:
- Шығыс Қазақстан облысы 17 медальді қанжығасына байлады: 5 алтын, 4 күміс және 8 қола.
- Қарағанды облысының нәтижесі: 6 алтын, 7 күміс пен 2 қола жүлде (15).
- Солтүстік Қазақстан облысы 6 алтын және қола медаль жеңіп алды.
- Алматы облысы 3 алтын, 7 күміс және 3 қола медальға ие болды.
Чемпионат рекордтары:
- Шымкенттік Шерхан Егізбай 5000 метрге спорттық жүрістен жаңа рекорд орнатты – 21:43.9, осылайша өзінің 2024 жылғы нәтижесін жаңартты (21:54.0).
- Астана қаласының намысын қорғаған Бейбарыс Батырұлы (200 метр) көрсеткіші – 22.02, Ефим Тарасовтың (22.20) 2019 жылғы рекордынан асып түсті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді үздік нәтижелерімен құттықтаймыз!