ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

«CENTRAL ASIAN U18 OPEN CHAMPIONSHIPS» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

19.05.2026

«CENTRAL ASIAN U18 OPEN CHAMPIONSHIPS» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

16–17 мамыр күндері Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан «Central Asian U18 Open Championships» халықаралық турнирі өтті. Аталған жарыста «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
• Маргарита Косинова – I орын (400 м кедергілер арқылы жүгіру)
• Милена Мерц – I орын (биіктікке секіру)
• Ангелина Шрубянец – I орын (100 м кедергілер арқылы жүгіру), II орын (100 м жүгіру)
• Максим Сажнев – I орын (диск лақтыру), I орын (ядро итеру)
• Ольга Изюмникова – II орын (биіктікке секіру)
• Георгий Глаголев – I орын (400 м жүгіру)
• Қайсар Ілияс – I орын (2000 м кедергілер арқылы жүгіру)
• Максат Базарбаев – II орын (биіктікке секіру)
• Андрей Ким – I орын (ұзындыққа секіру)
• Юлия Дёмкина – I орын (100 м жүгіру), I орын (200 м жүгіру)
• Александра Евтеева – III орын (100 м кедергілер арқылы жүгіру)

Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!

Бөлісу: