ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

08.12.2025
ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Сауд Арабиясы Корольдігінің Жидда қаласында U15 және U17 жас санаттары арасында триатлоннан Азия чемпионаты өтті. Бұл халықаралық жарыста «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары жоғары нәтижелер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.

U15 санатындағы қыздар арасындағы жарыс ерекше табысты болды:
– Алуа Нұрмұхамет алтын медаль жеңіп алып, Азия чемпионы атанды;
– Калерия Шнейдер күміс жүлдеге ие болып, екінші орынды иеленді.

U17 санатындағы жасөспірім ұлдар арасында:
– Арсений Шевченко 4-орын,
– Альхам Мұрат 5-орын,
– Матвей Шевнин 7-орынға тұрақтады.

Ал U15 санатындағы ұлдар арасында Сейтбек Ералы 9-орынды иеленді.

«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары халықаралық аренада өздерінің жоғары дайындығын дәлелдеп, қазақстандық триатлонның дамуына зор үлес қосты.

Бөлісу: