Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

17.05.2024

Бүгін Астанада көркем гимнастикадан ҚР чемпионаты басталды. Чемпионат 21 мамырға дейін жалғасады. Биылғы жылы чемпионатқа қатысу үшін Астана, Шымкент, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Абай, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының спортшылары тіркелді.

Спортшылар топтық және жеке жарыстарда сойыл, доп, лентамен және шеңбермен бақ таластырады. Командалар 4-6 қатысушыдан тұрады. Алдын ала жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен 8 мықты команда топтық жаттығулар бойынша көпсайыс финалына қатысады.

Чемпионатты ұйымдастырушы – «Қазақстан гимнастика федерациясы» қоғамдық бірлестігі. Федерация бұл маңызды спорттық шараны жоғары деңгейде өткізуге айтарлықтай күш салды.

Барлық қатысушыларға чемпионатта сәттілік және тамаша өнер тілейміз!

Бөлісу: