2025 ЖЫЛЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ?

13.03.2025

2024 жылдан бері елімізде Наурыз мейрамы айдың 14-нен 23-не дейін жаңа форматта тойланады. Онкүндікке «Наурызнама» атауы берілген.

Биылғы Наурызнама төмендегідей:

  • 14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі тойланады. Бұл күн алғашында еліміздің батыс өңірлерінде атап өтілетін, соңғы жылдары бүкіл Қазақстан бойынша мерекелік маңызға ие болды.
  • 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн қайырымдылық, мейірім мен тату көршілік тақырыбына арналған.
  • 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
  • 17 наурыз – Шаңырақ күнінде отбасы құндылықтарын насихаттайтын мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
  • 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Наурызнама онкүндігінде еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық киімдерді көрсетіп, насихаттайтын түрлі іс-шаралар өткізіледі.
  • 19 наурыз – Жаңару күні. Бұл күні көктемгі ағаш отырғызу дәстүрі жалғасын табады.
  • 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Бұл күні ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен турнирлер ұйымдастырылады.
  • 21 наурыз – «Ынтымақ күні».
  • 22 наурыз – «Жыл басы», оның аясында бұқаралық іс-шаралар мен халықтық мерекелер өтеді.
  • 23 наурыз – Наурызнаманың қoрытынды күні жаңa жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экoлогиялық акцияға арналған «Тазару күні».

 

14-23 наурыз аралығында Наурыз-базарлық маусымы жарияланады. Осы күндері сауда нүктелерінде жаппай жеңілдіктер өткізу жоспарлануда.

Бөлісу: