ҚазДҚҰО "АСТАНА" ОДО қызметкелеріне дәріс өткізді

24.04.2024

2024 жылғы 24 сәуірде "Астана" Олимпиадалық даярлау орталығында Қазақстанның Допингке қарсы ұлттық орталығының Білім департаментінің лекторы Ғалия Жұмабаева дене шынықтыру және спорт саласының мамандары үшін "Заманауи спорттағы допингке қарсы жүйе" тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында отандық және әлемдік спортта допингті қолдану мәселелері талқыланды. Қызметкерлер допинг-бақылау рәсімімен, сондай-ақ спортшылардың орналасқан жері туралы ақпарат беру тәртібінің ережелерімен танысты.

Бөлісу: