Жаңалықтар
Жеңіл атлетшілер Әлем чемпионатына қатысады
Ертең, яғни 27 тамыз күні Перу Республикасының Лима қаласында жеңіл атлетикадан юниорлар арасында Әлем чемпионаты басталады. Қазақстанның намысын «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 4 спортшысы қорғамақ ниетте.
Чемпионат 31 тамызға дейін жалғасады. Орталық спортшылары Алина Чистякова, Ирина Конищева, Кристина Ермола және Богдан Гончаровқа сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Сіздерге жүгірудің пайдалы тұстарын айта кетуді жөн санап отырмыз. Жүгірудің адам ағзасы үшін пайдасы орасан зор екенін баршамыз білеміз. Мәселен, қан қысымын қалыпқа келтіріп, өкпенің жағдайын біршама жақсартады. Тұрақты түрде жүгірудің арқасында ас қорыту жүйесі ретке келіп, аурулардың алдын алуға септеседі. Спорттың бұл түрімен шұғылдану арқылы сырт келбетті әсемдеп, аяқ бұлшық еттерін қатайтуға болады.
Салауатты өмір салтын бірге сақтайық!