Жаңалықтар
КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ЖАЗҒЫ КУБОГІ
2025 жылдың 18–19 тамызында Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің аренасында елімізде көркем гимнастиканы дамыту мен насихаттауға бағытталған ірі спорттық шара — «Асель Мұстафинаның жүлделеріне арналған көркем гимнастикадан Жазғы Кубок» өтеді.
Бұл жарыс «Алем» көркем гимнастика академиясының бастамасымен және Астана қаласы гимнастикалық спорт түрлері Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып, жыл сайынғы дәстүрлі турнирге айналмақ.
Жарысқа шамамен 400 кіші және ересек разрядтағы спортшы қатысады. Сайысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Германия елдерінің спортшылары, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен келген спорт мектептері мен клубтарының өкілдері бақ сынайды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар, медальдар мен дипломдар табысталады, әр жас санатындағы абсолютті чемпиондар арнайы кубоктарға ие болады.
Бұл сайыс Қазақстанда көркем гимнастиканы дамытудағы маңызды қадам болмақ, халықаралық спорттық байланыстарды нығайтып, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттайды.
Бұл — спорт пен сұлулықтың нағыз мерекесі болмақ. Осы оқиғаның бір бөлігіне айналыңыздар! Кіру тегін.