МИФ АРТТА ҚАЛСЫН

07.08.2025
МИФ АРТТА ҚАЛСЫН

Миф 1: Жүзу физикалық тұрғыдан ауыр жүктеме бермейді
Жүзу — ең көп энергия жұмсалатын спорт түрлерінің бірі. Ол дененің шамамен барлық бұлшық еттерін жұмыс істетеді және төзімділік, күш, үйлесімділік пен тыныс алу жүйесін дамытады.

Миф 2: Хлорға байланысты жүзу тері мен шашқа зиян
Хлор теріні құрғатады, бірақ қазіргі бассейндерде қауіпсіз мөлшерде қолданылады. Дұрыс шешім — жүзуге дейін және кейін душ қабылдау, шапочка тағу және теріні ылғалдандыру.

Миф 3: Тамақ ішкен соң жүзуге болмайды, өйткені бұл бұлшықет құрысуына әкеледі
Бұл — миф! Жеңіл тамақтану бұлшықет құрысуын тудырмайды. Негізгі ереже — ауыр тамақ ішкен соң бірден қарқынды жүзбеу және өз сезіміңе құлақ асу.
 
Миф 4: Жүзу салмақ тастауға жарамайды
Керісінше! Жүзу бір сағатта 400–700-ден астам калория жағады, су қарсылық тудырып, дененің температурасы арқылы зат алмасуды жеделдетеді.

Миф 5: Жүзуде ең бастысы қол мен аяқтарды жылдам қозғалту
Техникалық дұрыс жүзу жылдамдықтан маңызды. Тыныс алу мен дене күйінің дұрыс болмауы шаршауды күшейтіп, тиімділікті төмендетеді.

Бөлісу: