Министр Дәурен Абаев орталықтың спорт нысандарын аралады

15.01.2022

Бағынышты спорт ұйымдарының жұмысымен танысу аясында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығына («Сарыарқа» велотрегіне), сондай-ақ «Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешеніне барды.

Орталық директоры Андрей Могилевский министр Дәурен Абаевты, вице-министр Серік Жарасбаевты, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевті спорт кешендерінің жұмысымен таныстырды.

Спорттық нысандарды аралау барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары жетістіктер спорты және дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту перспективалары талқыланды.

«Спорт инфрақұрылымының қолжетімділігі мен инклюзивтілігіне ерекше назар аудара отырып, оны дамыту қажет. Нысандарды кадрлық және материалдық-техникалық жабдықтау мәселелерін бақылауда ұстау да маңызды»,- деп атап өтті министр.

Бөлісу: