ТҮРКИЯДА ТРИАТЛОН СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

16.10.2025
ТҮРКИЯДА ТРИАТЛОН СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

2025 жылдың 12-29 қазан аралығында Түркия Республикасының Аланья қаласында триатлон спортынан жастар арасындағы Азия чемпионатына дайындық аясында оқу-жаттығу жиыны өткізіліп жатыр. Бұл жиын – алдағы маңызды халықаралық жарыс алдында спортшылардың физикалық дайындығын жетілдіріп, жарыс жағдайына бейімделуіне бағытталған.

Аталған жиынға Қазақстан Республикасының атынан «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының болашағынан үміт күттіретін жас спортшылары және аға жаттықтырушы Аубакиров М.Т. қатысуда.

Оқу-жаттығу жиынына қатысушылар тізімі:
1. Ержанова Диана
2. Тен Александр
3. Крупяков Егор
4. Қанай Елмұрат
5. Бекенов Қуаны
6. Жанабай Арлан

Спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік, төзімділік, жоғары нәтижелер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Бөлісу: