Жаңалықтар
АДАЛ СПОРТ ҚАҒИДАЛАРЫ
20.02.2026
«Сарыарқа» велотрегінде орталық спортшыларымен допингке қарсы ережелерді сақтау және адал спорт қағидаларын ұстану мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Бүкіләлемдік антидопингтік агенттік(БАДА) — спорттағы допингті қолдануға қарсы күресті үйлестіретін тәуелсіз халықаралық ұйым. Ол Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қолдауымен құрылған.
БАДА-ның негізгі құжаты — Әлемдік допингке қарсы кодекс. Бұл құжат спортшылардың допингсіз жарыстарға қатысуға деген іргелі құқығын қорғауға, сондай-ақ денсаулық, әділдік және теңдік қағидаларын ілгерілетуге бағытталған. БАДА өз қызметін аймақтық және ұлттық допингке қарсы ұйымдар арқылы жүзеге асырады.
Қазақстанда бұл функцияларды Қазақстан Республикасының допингке қарсы ұлттық орталығы атқарады.
Кездесу барысында спортшыларға допингке қарсы ережелерді сақтау бойынша жеке жауапкершілік ескертіліп, дәрілік заттарды қолдану тәртібі мен терапиялық мақсатта пайдалануға рұқсатты рәсімдеу ерекшеліктері түсіндірілді.
Сондай-ақ БАДА жыл сайын кемінде бір рет қайта қарап, Халықаралық стандарт ретінде жариялайтын Тыйым салынған заттар мен әдістер тізіміне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар спортшылардың ақпараттылығын арттыруға және «таза» спорт қағидаларын нығайтуға ықпал етеді.