Жаңалықтар
II ASTANA INDOOR MEET FOR AMIN TUYAKOV PRIZES ТУРНИРІ ӨТТІ
25.01.2025
Бүгін «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде көптен күткен II ASTANA INDOOR MEET FOR AMIN TUYAKOV PRIZES халықаралық турнирі өтті.
Байрақты бәсекеде әйелдер жеңіл атлетика бәсекесінің жеті түрі бойынша (60 м, 60 метрді кедергілермен жүгіру, 400 м, 3000 м, биіктікке секіру, үш қарғып секіру, ядро лақтыру), ерлер алты түрінен (60 м, 60 метрді кедергілермен жүгіру, 400 м, 1500 м, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру) жарысып, өзара мықтыны анықтады.
Көрермендер үздік жеңіл атлетшілердің өнерін тамашалап, нағыз спорттық атмосфераны сезінді.