БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖҮЗУДЕН ЖАРЫС ӨТЕДІ

19.12.2024

2024 жылдың 22 желтоқсанында «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде жүзуден жарыс ұйымдастырылады. Сайысқа аталған спорт кешенінің фитнес орталығында жаттығатын 2008-2016 жылдары туған балалар қатысады деп жоспарланып отыр.

Жарыстың мақсаты:

•        Балалар арасында жүзуді дамытып, насихаттау.

•        Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

•        Әлеуметтік белсенділікті арттыру.

•        Халықтың денсаулығын күшейту.

Өз жас категориясында жүлделі орындарға ие болған ұл-қыздар алтын, күміс және қола медальдармен, сондай-ақ тиісті деңгейдегі грамоталармен марапатталады. Қатысушылардың әрқайсысы үш қашықтықты жүзіп өте алады.

Жауапты тұлға: Балташ Дәулетбек, тел.: +7 (747) 164-3414.

Бөлісу: