Мемлекеттік органдар арасында республикалық спартакиада өтеді

17.09.2024

18-22 қыркүйек аралығында орталық мемлекеттік органдар арасында республикалық спартакиада өтеді. Ертең мандат комиссиясы, жеребе тарту рәсімі және төрешілер отырысы ұйымдастырылады.

Келесі күні, яғни 19 қыркүйекте сағат таңғы 9-дан кешкі 20:30-ға дейін «Сарыарқа» республикалық велотрегінде алдын ала ойындар болады.

Спартакиаданың ашылу салтанаты 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталады.

Мамандар волейбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, қазақ күресі және қол күресі бойынша сынға түседі.

Марапаттау рәсімі 22-сі күні сағат 15:00-де жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: