Балалар арасында өткен жүзу жарысының қорытындысы

21.05.2024

Жеңіл атлетика кешенінде жаттығатын балалар «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының жүлделері үшін бақ таластырды.

Жарыс салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жасөспірімдердің суда жүзуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

Сайысқа «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика спорт кешенінде жаттығатын 2012 жылы туған және одан үлкен ұл-қыздар қатысты. Талап бойынша 2012 жылы туған және одан үлкен балалар 800 метр, яғни 10 айналым жасаулары қажет. 2013-2015 жылдары туғандар - 400 метр, 2016 жылы туған және одан кіші балалар 2 айналым яғни 200 метр жүзіп өтті. Қарсылас шақ келтірмей, үздік атанған спортшылар диплом, медальдармен марапатталды.

Төрешілер шығарған қорытынды бойынша 93 спортшы 50 медаль жеңіп алды, оның ішінде 19 - алтын, 16 күміс және 15 қола.

Спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз!

Бөлісу: