«БІЗДІҢ ЧЕМПИОН» рубрикасы: Адия Кусаинова

23.07.2024

Суда жүзу моториканы дамытып, дене бұлшық еттерін нығайтады. Сонымен қатар, көңіл-күйді көтеріп, ұйқыны қалпына келтіреді. Бұл 4 жастан бастап жүзетін Адия Кусаинова үшін өте маңызды.

Адияның ата-анасы суда жүзуге деген қызығушылығы мен талпынысын байқап, секцияға жазғызған. Қазір болашақ чемпионның жасы – 13-те. Соңғы 3 жылда көптеген жарыстарға қатысып, талай мәрте бірінші орындарға ие болған.

Бұрымды кроль жүзу түрін ерекше ұнатады, әрі дәл осы арқылы биік белестерге жететініне сенімді. Болашақта Адия суда жүзуден танымал спортшы болуды армандайды, біз талантты қыздың алар асулары алда деген үміттеміз.

Бөлісу: