Жаңалықтар
ҚР Конституциясы күні құтты болсын!
Осыдан 29 жыл бұрын 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қолданысқа енгізілді. Сол уақыттан бері Ата Заңымыз жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды десек те болады.
Конституциямыз – еліміздің тарихи маңызды құжаты, кемел болашағымыздың кепілі, мемлекетіміздің алтын қазығы. Қазақстан Тәуелсіздігінің, бірлігінің, егемендігі мен елдігінің көрінісі іспеттес.
Конституция – мемлекетіміздің басты заңы, әрі кез келген демократиялық қоғамның қызметінде басты рөл атқарады.
Конституция азаматтардың сөз бостандығы, әділ сот құқығы және жеке өмір құқығын қорғайды. Бұл мемлекет тарапынан озбырлық пен бұзушылықтардан қорғау қызметін атқарады.
Басты құжатымыз 9 тарау мен 98 баптан тұрады. Онда халық азаматтарының, мемлекеттік құрылымдардың, әлеуметтік топтардың құқыттары, мақсат-міндеттері айқын көрсетілген.
Конституция күні – барша қазақстандық үшін айтулы мереке. Еліміздің әрбір азаматы Ата Заңымызды ұлықтап, оның сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Айтулы мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтаймыз! Еліміздің көк байрағы асқақтай берсін! Ынтымақ-ырысымыз артып, Қазақстанның болашағы жарқын болсын!
Құрметпен, «Астана» олимпиадалық
даярлау орталығының әкімшілігі