Спорт күні құтты болсын!

16.08.2024

Спорт - денсаулық кепілі. Спортпен шұғылдану иммунитетті көтеріп, бойға ерекше бір энергия сыйлайды, бастысы - аты жаман дерттердің алдын алуға септеседі.

Тамыз айының үшінші жексенбісі - спорт күні. Бұл күн салауатты өмір салтын сақтаудың маңызын ұғындырып, адамзаттың спортқа деген қызығушылығын одан әрі арттырады.

Спорт - мүмкіндіктер мекені, өмірге жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі. Жаңа достар тауып, қоршаған ортамен тығыз байланыс орнату да спорт арқылы жүзеге асатынынын баршамыз білеміз. Осы ретте еліміздегі спорт саласының дамуына зор үлес қосып жүрген отандастарымызға, жас ұрпақты спортқа баулып жүрген аға буын өкілдеріне шексіз алғысымызды айтамыз!

Алынбайтын қамал жоқ демекші, тынымсыз дайындықтан жалықпай, спортта жоғары нәтижелерге жете беріңіздер!

Бөлісу: