ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

29.08.2025

                     Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!


Сіздерді еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 30 тамыз — тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекеттің берік іргетасы болып табылатын Ата Заңымыз қабылданған маңызды күн. Конституция — халық бірлігінің, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі, тұрақтылық пен даму жолындағы негізгі құжат.


Сіздерге бейбіт өмір, амандық, ертеңгі күнге сенім және Отанымызға деген мақтаныш тілейміз! Әрбір шаңырақта татулық, түсіністік пен Қазақстанның жарқын болашағына деген сенім орнасын!

Бөлісу: