Трансплантация жасаған азаматтар мен диалез еміне жүгінетін пациенттер арасындағы жарыстың ресми ашылу салтанаты өтті

11.06.2024

«Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде трансплантация жасаған азаматтар мен диалез еміне жүгінетін пациенттер арасындағы республикалық жарыстың ресми ашылу салтанаты өтті. Спорттық шара басқаларға қарағанда ерекше, өйткені мұнда органдарын ауыстырып, аса ауыр отадан өткен 130-ға жуық азамат қатысуда. Олар еліміздің барлық өңірінен жиналып, волейбол, үстел теннисі, дартс, боулинг және жүзу спортынан өзара бақ таластырады.

Соңғы аталғаны бойынша кеше жарыс өтіп, бүгін үздіктер марапатталды. Республикалық сайыс маусымны 14-не дейін «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде, «Сарыарқа» велотрегі мен басқа да спорттық орындарда өтуде. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Бөлісу: