«Қолжетімді спорт» жобасының II маусымының ашылуы өтті

04.05.2022

Бүгін Триатлон паркте «Қолжетімді спорт» жобасының II маусымының ашылуы өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты. Сондай-ақ, мерекелік концерт аясында фристайлшылар, DJ Fara, WorldClassGreen фитнес-орталығының нұсқаушылары, Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының тәрбиеленушілері және «Azimuth» СК жас спортшылары өнер көрсетті.

Айта кету керек, осы жылдың сәуір айынан бастап «Қолжетімді спорт» жобасы Қазақстанның 7 қаласында басталды. Осы маусымда жобада спорттың 5 түрі ұсынылған: каратэ, скандинавиялық серуендеу, жүгіру, фитнес және үстел теннисі. Орталық ұжымы шет қалмай, іс-шараға белсене қатысты!
Спортпен шұғылданыңыздар, достар!

Бөлісу: