«QAZAQSTAN» ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

02.06.2025

«QAZAQSTAN» ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ


Бүгін «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы директоры Андрей Витальевич Могилевский «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық кешенінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Күрес федерациясы президенті Даулет Тұрлыхановтың атынан алғыс хатпен марапаттады.

Бұл марапат грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасы Кубогы – 2025 ұйымдастыру мен өткізуге қосқан зор үлес пен белсенділік үшін берілді.

Қызметкерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – сіздердің еңбектеріңізге берілген жоғары баға!

Бөлісу: